Алматы сары аймаққа өтті
04-07-2022
Америкалық Bloomberg басылымы әлемде COVID-19 індетіне қарсы тиімді шаралар қолданып, нәтижесінде аталған ауру бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз еткен елдердің рейтингісін жариялады.
Рейтинг ауру жұқтыру индексі, өлім-жітім, тест тапсырғандардың саны және сол арқылы ауруды анықтау, вакцинациялау шараларының қарқыны мен карантиндік шектеулердің тиімділігі көрсеткіштері бойынша жасалған. Сарапшылардың айтуынша, сәуір айында әлемде коронавирус бойынша ең қауіпсіз елдердің ондығына: Сингапур, Жаңа Зеландия, Австралия, Израиль, Тайвань, Оңтүстік Корея, Жапония, Біріккен Араб Әмірлігі, Финляндия және Гонконг кірді.
Ал керісінше COVID-19 індетіне қатысты ахуал нашар елдердің қатарында Бразилия, Польша, Аргентина, Колумбия, Иран, Мексика бар. Сонымен бірге соңғы уақытта коронавирустың таралуы Үндістанда өте қауіпті деңгейге жеткен. Елде 1 мамырда анықталған науқастардың саны 400 мыңнан асты. Ал жалпы Үндістанда COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны 20 миллионға жетіп отыр.
Рейтингте Қазақстан туралы мәліметтер келтірілмеген. Дегенмен Қазақстанда коронавирус індетіне қатысты эпидемиолгиялық жағдай онша мәз болмай тұр. Орталық Азия елдерімен салыстырғанда.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының таратқан мәліметіне қарағанда, мамыр айында аталған індетке қатысты жағдай оңала қоймайды.