Құрметті отандастар! Құрметті еңбексүйер әлеумет!

Oinet.kz 28-04-2021 654

Сіздерді «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек күнімен» құттықтаймын. Дана халқымыз еңбекке аса үлкен мән беріп, «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», – деп еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екенін көрсеткен. 

image.png

Сіздер жанқияр еңбектеріңізбен келер ұрпаққа тәлімгерлік дәстүрді табыстап, ұрпақтар сабақтастығын сақтап келесіздер. Республикамыздың дамып, өркендеуіне кәсіподақтар қатарында сіздер де ерен еңбек үлгісін көрсетіп, өз үлестеріңізді қостыңыздар. 

Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда әр кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басты назарда.

Қазақтың Ұлы ақыны Абай айтқан бес асыл істің бірі – еңбек. Ұлы ақын елді ел, адамды адам ететін тек еңбек деп білген. Мереке күні барлық еңбеккерлерге зор денсаулық, еңбекте жаңа табыстар және амандық тілеймін!

Ізгі ниетпен, «Шымкент қаласы Кәсподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев.

#kasipodaqkz 

#kasipodaqkomektesude #ӘлеуметтікӘріптестік #ҚРКФ #Шымкент #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы

«Ешкім халықтан артық білмейді» - Нұрлан Нығматулин
Тоқаев пен Түрікменстан президенті телефон арқылы сөйлесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу