11 млрд теңге жұмсалған жоба депутаттың ашуын тудырды

Oinet.kz 22-04-2021 1128

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Нариман Төреғалиев Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жүзеге асырылуға тиіс болған жобаға қатысты мәселе көтерді.

Нариман Турегалиев.jpg

Нақтырақ айтқанда,  «Сырдария және Талап топтық су құбырының құрылысының» жобасы бойынша ауданның 28 елдімекенінде тұрып жатқан 43 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтылу керек болған. Сырдария топтық су құбыры 5,2 млрд теңгеге салынып, пайдалануға берілген. Ал Талап топтық су құбырының құрылыс жұмыстарына 5,5 млрд теңге жұмсалған.

Депутаттың айтуынша, 11 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалып, 2014 жылдан бастап жүргізілген жобаның түпкілікті нәтижесін халық көрмей отыр. Себебі, Талап су өндіру кешенінде қазылған 8 ұңғымадан құм аралас су шығып жатыр. Сонымен қатар, аталған екі топтық су құбыры сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінің тізбесіне енгізілмеген. 

- Яғни, халық ауыз суға толық тарифпен төлеп отыр. Қазіргі таңда ауыз су халыққа күніне 1-2 сағатқа беріліп, уақытпен шектелген. Осы жобалардың толық іске қосылмауы салдарынан тұрғындар ауыз суды аулада орналасқан шахталық құдықтардан немесе кіші ұңғымалардан алып ішуге мәжбүр,– дейді сенатор.

Ол өз сауалын Премьер-министрдің орынбасарына жолдай отырып, Талап және Сырдария топтық су құбырларының іске қосылуын жылдамдатып,  тізбеге енгізіп, субсидиялауға қатысты  мәселелерін шешуге ықпал жасауын сұрады.

Қазақстан 27 елмен қылмыстық істерге қатысты құжатты бекітті - Сенат
Бауыржан Байбек: Адал, арым таза адаммын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу