Бауыржан Байбек: Адал, арым таза адаммын

Oinet.kz 22-04-2021 1420

OINET.KZ - Бұған дейін тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай фейсбуктегі парақшасында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің және оның туыстарының бизнесі, Байбектің Алматының әкімі болған жылдары жер сатумен айналысқаны туралы видео жариялаған болатын. Байбек өзінің атына айтылған мәлімдемелерді жауапсыз қалдырған жоқ. 

Screenshot_1.jpg

Блогер Тәңірберген Бердіоңғаровқа берен сұхбатында Б.Байбек Алматы қаласында сатып жіберді деген жерлердің тағдырына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, мұның бәрі заң шеңберінде жасалған. Алматының жерін талан-таражға салу, сыбайласу болмаған. Айтпақшы, Байбек әкім болған жылдары Алматының автобус парктеріне иелік еткен шымкенттік «Green Bus Company» компаниясына қатысты да жауап берді. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалдау қызметін мемлекеттік меншіктен гөрі жекеменшік компанияларға берген әлдеқайда ұтымды болған. Рас, компания кейін Шымкент сотының шешімімен банкроттыққа ұшырады. Бірақ ол қызмет еткен жылдары Алматыдағы автобустардың 80 пайызы жаңарыпты. 

- «Green Bus Company» өзіне тиесілі жұмыстарды ойдағыдай атқарды,-деді Байбек. Бірінші орынбасар  әңгіме арасында Мамайды тіркелмеген, тіпті фейк партияның жетекшісі деп те атап өтті. 

- "Новый южандар" мен "старый южандар", "карагандински клан" дейді. Бірақ шындығында Қазақстанда ондай кландар жоқ. Жанболат Мамай мамандығы бойынша журналист. Журналистка мамандығын өте жақсы бітірген көрінеді. Алайда Мамайдың бұл тірлігі журналистік зерттеуге жатпайды. Ол Uzun Qulaq деген фейк телеграм-каналдың деректеріне сүйенген. Менің жасыратын түгім жоқ, адал, таза адаммын - деді Бауыржан Байбек.

Сұхбат соңында ол Жанболат  Мамайдың үстінен сотқа талап арыз беретінін мәлім етті. 

-Қазіргі уақытта мен мемелкеттік қызметкер емеспін. Сондықтан мұны істеуге міндетті емеспін. Алайда мен біріншіден, Конституцияны құрметтейтін Қазақстан азаматымын. Партия мүшесі әрі «Нұр Отанның» партиясы төрағасының бірінші орынбасарымын. Партияның жарғысы, партия мүшелерінің Әдеп кодексі бар, мен соған  сүйене отырып, ресми түрде оның үстінен арыз түсіретінімді мәлімдеймін,-деген Бауыржан Байбек мұны келешекте ешқандай кінәсі жоқ азаматтарды жазғыратын Мамай сияқтыларға сабақ болу үшін жасайтынын тілге тиек етті. 

11 млрд теңге жұмсалған жоба депутаттың ашуын тудырды
«Нәтиже жоқ» - Тоқаев Үкіметті қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу