Санкцияға ренжіген Путин АҚШ-тың 10 дипломатын елден шығармақ

Oinet.kz 16-04-2021 2837

Ресей АҚШ дипломатиялық миссиясының 10 қызметкерін елден шығарып, Американың 15 сәуірде салған санкциясын дәл солай қарымта қайтарады. Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер комитетінің төрағасы Алексей Чепа "Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында осылай деді, дейді centralasian.org.

Байден и Путин.jpg

- Біз де олар сияқты он қызметкерді шығарамыз, оның үстіне біздің ішкі ісімізге шынымен араласқан компанияларға тағатын кінәміз жеткілікті. Оларға қатысты да лайықты шаралар қолданылады - деді ол.

Оның айтуынша, бұл "халықаралық ахуалды жақсартпайды", бірақ Ресей сонда да мұндай қадамға баруға мәжбүр. "Әрине, Америкадағы русофобия лоббиі машинасын тоқтатпақ емес" деді Чепа.

АҚШ-тағы 2020 жылғы президент сайлауына ықпал етуге тырысқаны үшін және жалған ақпарат тарату әрекеті үшін" Вашингтон Ресейдегі 32 заңды және жеке тұлғаға жаңа санкция салғанын 15 сәуірде жариялаған. АҚШ президенті Джо Байденнің жарлығымен Ресейдің Вашингтондағы елшілігінде жұмыс істейтін он қызметкерді шығарып жіберу көзделген.

Мұның алдында Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ елшісі Джон Салливанға Америка жаңа санкция салуды тоқтатуы керектігін, болмаса Ресей "батыл қадамға баруға" мәжбүр болатынын айтқан.

Ақтау қаласындағы Rixos директорына 2 миллион теңге айыппұл салынды
Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу