Камералық бақылау нәтижесін беруде

Oinet.kz 01-04-2021 590

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық тері-венерологиялық аурулары диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (Бұдан әрі - Ұйымдастырушы) 03.02.2021 жылы мемлекеттік сатып алу (https:/www.goszakup.gov.kz/) веб-порталында бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №5399946-1 «Реагенттер жинағын сатып алу» мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 2 бабының 5 тармағына сәйкес, 

бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына мүмкiндiк  беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер.

Заңның 37 бабының 1 тармағына сәйкес, егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі 

жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың  еселенген мөлшерінен (АЕК – 11 668 000 теңге) аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға  ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады делінген.

Заңның 37 бабының 3 тармағына сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды,  жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде олардың бірінің мөлшері осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді делінген.

Алайда, Ұйымдастырушы тарапынан бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №5399946-1 «Реагенттер жинағын сатып алу» (сомасы – 12 835 800 теңге) мемлекеттік сатып алу бойынша Заңның 37 бабының 1 тармағының талаптары сақталмай, құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті жұмыстарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланғандығы анықталды.

С.КУЗЕНБАЕВ,

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Бас маманы

«Жыларман болып айтқан: Мақсат орынбасарымды өзім тағайындай алмаймын» - Мақсат Толықбай (видео)
Бірлескен мәжіліс өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу