Шымкентте қызды алып қашқандар және қыздың өзі полицияға жеткізілді

Oinet.kz 31-03-2021 1178

2021 жылдың 30 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қызды алып қашқандардың және қыздың жеке басын анықтап, оларды Түркістан облысының аумағынан Шымкент қаласының Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізді. Тексеру барысында ер адам үйлену мақсатында екі досының көмегімен қызды алып қашқаны белгілі болды. Ер азаматтардың барлығы Түркістан облысының тұрғындары.

UgAqeWeSThGyaA6h-lg.jpg

Иллюстрациялық фото

«Сол түні мені 18 мөлтек ауданда сырттай танитын ер азамат маған үйлену мақсатында өзінің достарымен автокөлікке күштеп отырғызып, үйіне алып кетті. Осы күнге дейін мен сол ер адамның үйінде болдым. Маған зорлық-зомбылық іс-әрекеттер жасалған жоқ.Менің жағдайым жақсы», - деді азаматша.

Еске салсақ, 29 наурызда әлеуметтік желіде қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз тұлғалар азаматшаны автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткендігі туралы бейнежазба жарияланған.

Сол күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігінің 1- тармағымен (бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Аталған баптың тармағы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Алып қашуға қатысқан барлық қатысушылар ешқайда кетпеу туралы қолхатқа қол қойды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті

«Ұлы ресейлік жерлер Украина, Қазақстан, Беларусь территориясында қалып қойды» - Путиннің көмекшісі
Мемлекет басшысы тағы бір заңға қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу