Елбасы Артур Платоновты жаңа қызметке тағайындады

Oinet.kz 26-02-2021 1708

Артур Платонов "Nur Otan" партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Бауыржан Байбек мәлімдеді. 

Артур Платонов.jpg

- Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов "Nur Otan"-ның партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп жазды "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары өзінің Twitter-дегі парақшасында. 

Оған қоса, Бауыржан Байбек мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған комитеттің бұрынғы басшысы Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Платоновтың тәжірибесі комитет қызметін нығайтуға көмектесетініне сенім білдірді. 

- Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, – дейді Бауыржан Байбек. 

Танымал боксшының ұлы Президент күзетінде қызмет ете ме? (видео)
Динара МӘЗЕН, аудармашы, филолог: Көркем аудармаға жүрегі дауалап баратын аудармашылар көп емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу