Қарағандылық судья ісін Жоғарғы сот қарайды
Қарағандылық судья Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім шығара алмаған. Енді бұл іспен жоғарғы органдар айналысады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Мейрамханада жүрген судья ісін сот этикасы жөніндегі комиссия қарады.
- Сот этикасы жөніндегі комиссия судья Исабековтің "Рубин" мейрамханасындағы әрекетін қарастырып, ол сот этикасы кодексіне қайшы келетін әрекет жасады деп шешті. Комиссия Қарағанды облыстық сотының жалпы отырысына материалдарды Жоғарғы соттың сот жюриіне жіберу туралы мәселені қарау үшін жүгінді, - деді Қарағанды облыстық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судья Еркеш Маукен.
Қарағанды облыстық сотының судьясы осы кадрлардың арқасында "танымал болған еді".