Мұхтар Тайжан Әскери ант беру туралы ұсынысын айтты

Oinet.kz 24-02-2021 1694

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан әскери ант беру туралы ұсынысын жариялады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

Тайжан.jpg

- Негізі, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар барлық ер-азаматтар,  әскерде болған, болмағанына қарамастан бірі қалмай өз Отаны - Қазақстанға адал қызмет етуге ант беруі керек.

Ал, КСРО Қарулы күштерінде қызмет еткендер жаңа жағдайды мойындап, енді ондай елдің жоқ екенін түсінуі керек. КСРО азаматтығы ҚР азаматтығына ауысуымен бірге әскери ант та Отанымыз Қазақстан Республикасына қайта берілуі керек еді. 

Ер азаматтар барлығы өз Отаны Қазақстан Республикасына берген антпен жүруі керек. Ал, Қазақстан Республикасына ант беруден бас тартқан ерлерді ҚР азаматтығынан айыру қажет - деп жазды Мұхтар Тайжан. 

Еске сала кетейік, кәсіпкердің бұл пікірі Кеңес дәуірі кезінде тойланған "Отан қорғаушылар күні" мерекесіне арналып жазылған болатын.

Мұхтар Тайжан

Роналду ХХІ ғасыр футболындағы әлем рекордын жаңартты
Елімізде барлық ақша аударымдарына салық салынатыны рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу