«Кешірім сұрайтындай ешқандай негізім жоқ» - экс-министр (видео)

Oinet.kz 12-02-2021 3211

Экс-министр Жақсылық Құлекеев Елбасыдан жасаған қылмысы үшін кешірім сұрауға негіз жоқ екенін жеткізді. Себебі, ол өзінің ешқандай қылмысқа бармағанын және де ақталып шыққандығын алға тартты. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты. 

Елбасы и экс-министр.jpg

- Мен ұсталған уақытта КТЖ-ның бастығы болдым. Компанияның бастығы. Сосын менің кешірім сұрайтындай ешқандай негізім жоқ. Өйткені мен өзімнің қылмыс жасамағанымды жақсы білемін. Сот ісінде маған қарсы әрекет жасалғаны, маған қарсы қылмыс жасалғаны бәрі дәлелденді. Басқа демократиялық қоғам болатын болса маған қарсы жұмыс істеген адамдардың бәрін тауып, олардың өздерін іске тартар еді. Бірақ, бізде өкінішке орай жағдай басқаша - дейді экс-министр. 

Қоғамда қылмыс жасаған мемлекеттік қызметкерлер Елбасыдан және халықтан кешірім сұрауы тиіс пе!? - деген журналистің сауалына мемлекет қайраткері жауап берді.  

- Мен ол азаматтардың ешқайсысының әрекетінен кемшілік көріп отырғаным жоқ. Ол да дұрыс. Өйткені, олардың бәрін үлкен қызметке мемлекеттік басшының шешімімен сайлайды. Сондықтан олардың мемлекет басшысынан кешірім сұрағаны дұрыс. Дәл сол сияқты өзің айтып отырғандай халықтан да кешірім сұрауы керек - дейді Жақсылық Құлекеев. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін “Қазақстан темір жолы” компаниясын басқарған Құлекеев 2008 жылдың 1-сәуірінде 100 мың доллар көлемінде пара алды деген айыппен қамауға алынған болатын. Бірақ сот оны ақтап шықты. Алайда қызмет бабын асыра пайдалана отырып жасаған заңсыздықтары үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған-ды.

«Шариғаттан аттамадым» - шырақшы қабірлерді қиратқан (видео)
«Астарлы ақиқат» жобасының жабылғаны рас па? - Дина жауап берді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу