Жол апатынан жедел жәрдемнің екі дәрігері қайтыс болды

Oinet.kz 04-02-2021 836

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі жедел жәрдем көлігіне соқтығысып, екі дәрігер қайтыс болды.

Жедел-жәрдем.jpg

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 3 ақпан күні сағат 19:25 шамасында «Өскемен-Семей» тасжолында болды.

SCHMITZ тіркемесі бар «ДАФ» жүк көлігінің 29 жастағы жүргізушісі «Өскемен-Семей» тасжолының Өскеменнен Семей қаласына қарай 140/58 шақырым жерінде ауа райының қолайсыздығынан рульге ие бола алмай, қарсы бетте келе жатқан «ГАЗ-A31R23» маркалы жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жедел медициналық көмектің 49 және 42 жастағы екі қызметкері ауыр жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды.

Жарақат алған 44 жастағы жүргізуші Семей қаласының ауруханасына жеткізілді. Тергеу басталды.

«Спутник-V» вакцинасы Қазақстанда әлі тіркелмеген» - Денсаулық сақтау министрлігі
Бүгін Әбділда Тәжібаевтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу