«Спутник-V» вакцинасы Қазақстанда әлі тіркелмеген» - Денсаулық сақтау министрлігі

Oinet.kz 04-02-2021 866

Sputnik V вакцинасы Қазақстанда әлі тіркелмеген. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

Спутник-V.jpg

Ерлан Қиясов "Sputnik V" вакцинасы тіркелген бе? деген сұраққа жауап берді.

- Бұл мәселе қарастырылып жатыр. 22 мың дозадан тұратын вакцинаның бірінші партиясы, заңға сәйкес, бір реттік көлемде әкелінді. Сіздер Қарағанды фармацевтикалық кешенінде 6 мың дозадан тұратын вакциналардың партиясы болғанын білесіздер. Ұлттық ғылыми эпидемиология және микробиология орталығына жіберілді. Гамалей атындағы институт вакцинаның жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті, - деді ол. 

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовтың айтуынша, Sputnik V-пен қазақстандықтарға вакцинация басталғанға дейін денсаулық сақтау министрлігі тарапынан препараттың клиникалық сынақтан өтуі туралы барлық деректер сұралған.

- Біз барлық есептерді алдық. Ұлттық дәрі-дәрмектер сараптау орталығында сараптама жүргізілді және осы препараттың бір реттік жеткізіліміне рұқсат берілді, - деді ол.

Қиясов таяу уақытта денсаулық сақтау министрлігі "вакцинаны Қазақстанда тіркейді" деп сендірді.

1 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырысы бойынша Қазақстанда "Sputnik V" ерікті вакцинация науқаны басталды.

Мәжіліс төрағасы Әсет Ерғалиевтің түсініксіз бағдарламасын сынға алды
Жол апатынан жедел жәрдемнің екі дәрігері қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу