Жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады

Oinet.kz 21-01-2021 1004

Түркістан облысында медициналық жедел жәрдем көліктері толығымен жаңарады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов хабарлады.

image.png

– Жылжымалы медициналық кешеннің 12 жиынтығы сатып алынды, нәтижесінде өңірлерді жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел жәрдем қызметіне 77 көлік сатып алынды. Бұл көліктер жедел жәрдем паркін 96 пайыз жаңартады, – деді облыстың бас дәрігері Қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысында.

Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов өзі төрағалық еткен алқа отырысында Марат Орынбасарұлының жетекшілігімен басқарма тарапынан ұйымдастырылған, 2020 жылы атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Аталған жиында денсаулық сақтау саласының перспективалары да талқыланды.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Түркістан облысының дәрігерлері 338 мыңнан астам адамды тексерді
Түркістан облысы тұрғындар денсаулығын жақсартуда елімізде көш бастап тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу