«Ауыл» 32 мандат алды
10 қаңтар күні өткен Мәжіліс пен мәслихат сайлауының қорытындысы бойынша мәслихат депутаттығына 320 мандат беріліп отыр. 320 мандаттың 45-і облыстық мәслихатқа бөлінген. Ал, қалалық мәслихаттарда - 47, аудандық мәслихаттарда - 228 мандат бар.
Дауыс беру қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық» партиясына – 1, «Nur Otan» партиясына – 263, «Ауыл» партиясына - 32, «Ақ жол» партиясына - 24 мандат бөлінді. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев арнайы брифингте мәлімдеді.
«13 қаңтар күні - дауыс беру қорытындысымен мандатқа ие болған саяси партиялар - депутаттыққа кандидаттардың тізімдерін облыстық сайлау комиссиясына ұсынды. Ал 14 қаңтарда - саяси партиялардың ұсынған тізімдерін комиссияның отырысында тіркеу жөнінде хаттамалық шешім қабылданады. 15 қаңтар күні сағат 10:00-де облыстық мәслихаттың 7-шақырылымындағы алғашқы бірінші сессиясы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының басқаруымен ашылатын болады. Сондай-ақ, жаңадан сайланған мәслихат депутаттары таныстырылып, оларға депутаттық куәліктер мен төсбелгілер табыс етіледі», - деді Әлібек Қаденұлы. Айта кетерлігі, Түркістан облысында 911 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 160 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Жалпы 763 454 азамат өз таңдауларын жасаған.
«Ауыл» партиясы сондай-ақ, Шымкент қалалық мәслихатынан 3 мандат иеленді.