​Сайлау учаскелері бейнебақылау жүйесімен қамтылып, таңдау үдерісін байқаушылар бақылауда

Oinet.kz 10-01-2021 988

Ордабасы сайлау.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және маслихаттарының депутаттарын сайлауға ордабасылықтар белсенді ат салысуда.

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Темірлан ауылындағы №456 сайлау учаскесіне барып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. Бұл учаскеге 2596 сайлаушы тіркелген. Азаматтар таңдауының кедергісіз жүзеге асуын 5 партия мүшесі, 6 қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары бақылауда.

Аудан аумағында дауыс беру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бекіткен ережелерге сәйкес жүргізілуде.

Ордабасы ауданы бойынша 1 аумақтық, 49 учаскелік сайлау комиссиясы 354 мүшесімен бекітілген. Жалпы сайлаушылар саны 68160.

Барлық сайлау учаскелері интернетке қосылып, телефон байланысымен қамтамасыз етілген. 49 сайлау учаскесінде де бейнебақылау жүесі бар.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау бойынша 6 сайлау учаскесінде жедел саты бар, санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін 49 пандус бар. Сайлау учаскесі орналасқан ғимаратқа кіре берісте және дауыс беретін үй-жайларда тактильдік жолақ 49 жүргізілген.

Жалпы Ордабасы аудандық мәслихат депутаттығына 4 партиядан 45 кандидат тіркелген.

#ТүркістанОрдабасы

#Сайлау2021

#ӨзТаңдауыңдыЖаса

Назарбаев немересі Айсұлтанды еске алды
Түлкібас жұртшылығы өз таңдауларын жасауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу