Түлкібас жұртшылығы өз таңдауларын жасауда

Oinet.kz 10-01-2021 933

Бүгін елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына түлкібастықтар белсенді қатысуда. Өздерінің Конституциялық құқықтарын іске асырып, карантин талаптарын сақтай отырып таңдауларын жасауда. 

image.png

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аудан аумағындағы 60 сайлау учаскесінің барлығы каратин талаптарына сай жабдықтаған. Атап айтқанда, әр бір учаскінің кіре берісінде залалсыздандыру өткелі мен арнайы бекітілген азаматтар сайлаушылардың дене қызуын тексеріп, залалсыздандыру сүйықтығымен қолдарын шайуын және бетпердемен кіруін қадағалауда. 

image.png

Мүмкіндігі шектеулі жандарға пандустармен арнайы кабиналар орнатылған. Сайлау учаскілерінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден 645 бақылаушы сайлаудың әділ өтуін қадағалауда. 379 комиссия мүшесі учаскелерге бекітілген. Барлық сайлау учаскелері интернетке қосылып, телефон байланысымен қамтамасыз етілген.

#Сайлау2021

#өзтаңдауыңдыжаса

​Сайлау учаскелері бейнебақылау жүйесімен қамтылып, таңдау үдерісін байқаушылар бақылауда
«Үкімет отставкаға кетуі тиіс» - Тоқаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу