Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды

Oinet.kz 14-01-2021 1143

Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы Алматыда коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Олжас.jpg

Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған.

- Бүгін, 14 қаңтарда арнайы бригада оларды коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Онда кіруге болмайды. Маргарита Владимировна Олжасқа қарағанда ауыр халде. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысып жатыр, бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен олардың қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға айтарлықтай себеп жоқ, ем қалыпты жүріп жатыр, - деп жазды Ғабдуллин.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының қкілдері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус жұқтыруына байланысты ауруханаға жатқызылғанын растады.

- Олжас Сүлейменов пен жұбайы РВ-90 ауруханасына жатқызылды. Олардан коронавирус анықталды. Алайда ерлі-зайыпты қазір жазылды. Ертең, 15 қаңтарда олар аураханадан шығарылады, - деді басқарма өкілдері.

«Ауыл» 32 мандат алды
Белгілі кәсіпкер депутат атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу