Олжас Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 09-12-2020 1681

Биыл 84 жасқа толған ақын Олжас Сүлейменов Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын басқаратын болды. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

Олжас Сүлейменов.png

Сүлейменовтың аталған орталықты басқаратыны бүгін мәжілістің Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келiсiмді (ЮНЕСКО аясында) ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдағаннан кейін белгілі болды.

Ол келісімде «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі (РМҚК) базасында Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының (2-санат) қызметін қамтамасыз ету көзделген.

Шартты ратификациялау халықаралық деңгейде Қазақстанның беделінің артуына ықпал ететінін айтқан министр аталмыш заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындар талап етпейтінін айтты.

дереккөз: kaz.orda.kz

Жүрсін Ерман ел Президенті Тоқаевқа шүйлікті (видео)
Түркістан: «Нұротандықтар» кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мәселелерді талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу