Түркістан: «Нұротандықтар» кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мәселелерді талқылады

Oinet.kz 09-12-2020 748

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында арнайы құрылған «Жедел әрекет ету тобының отырысы өтті. Жиын барысында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Түркістан.png

Басқосуға партия филиалының қызметкерлерінен бөлек, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бөлімшесі, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандары қатысты.

«Жедел әрекет ету тобының» мүшелері қоғамда кәмелет жасына томағандарға қатысты орын алып жатқан келеңсіздіктердің себеп-салдары жөнінде баяндама жасап, зорлық-зомбылықтарды болдырмауға қатысты бірқатар ұсыныстар айтты. Жиынға қатысушылар айтылған мәселеге қатысты кешенді жоспар құрып, қоғам болып күресу керектігін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Олжас Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды
Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу