Армения президенті коронавирус жұқтырды
Армения президенті Армен Саркисянға Лондондағы операциядан кейін коронавирус диагнозы қойылды, ол өзін оқшаулады. Бұл туралы ел президентінің әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.
- Президент өзінің демалысы аясында Жаңа жылды Лондонда отбасымен және немерелерімен қарсы алды. 3 қаңтарда Саркисянның аяғына ота жасалды, ол сәтті өтті. Бірақ президентте коронавирустың симптомдары байқалды, оның сынағы оң нәтиже көрсетті, - деді агенттік дереккөзі.
Саркисян қазіргі уақытта оқшауланған, жұмысын уақытша қашықтан жалғастырады.