Төрт жасар қызға айналған кәрі кемпір
24-02-2022
Алматы ішкі істер министрлігінің академиясында асылған күйінде табылған 19 жастағы курсант Саламат Өтегеновтің анасы тың мәліметтер айтты. Айтуынша, ұлының өлімінен соң академия курсанттарының ата-аналары онымен хабарласа бастаған.
Ұлының қайтыс болғаны туралы мақала жарияланғаннан кейін академия курсанттарының өзге ата-аналары тың ақпарат айтты, деп хабарлайды "Уральская неделя".
Марқұм курсанттың анасының айтуынша, ата-аналар ұлдарының оқу орындарындағы бопсалау мен қысымға ұшырағанын айтқан.
- Менің ұлым туралы мақала жарияланғаннан кейін маған WhatsApp-қа ІІМ академиялары курсанттарының тағы екі ата-анасы хат жазды. Олар балалары қай академияда оқитынын айтпады, бірақ жазған адамдардың бірі оның баласы қысым көріп, ішкі істер министрлігінің академиясынан шығып кеткенін айтты. Екінші ата-ана баласы оқитын академияда курсанттардан ақша жинау фактілері болғанын айтты, - деді Бекзат Иманғалиева.
Бекзат Иманғалиеваға хат жазған ата-аналар аты-жөнін ашық айтпайды. Журналистерге сұхбат беруге келіскен жоқ.