Түркістан-Келес: Тұрғын үй кезеігі талқыланды

Oinet.kz 19-12-2020 1109

Screenshot_3.jpgБүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Давлетяров, Ж.Ағабеков және С.Исаховалар Абай ауылының  тұрғындарымен тұрғын-үй коммуналдық мәселелер бойынша кездесу өткізді. 

Кездесуге келген ауыл тұрғындары  Сарыағаш ауданы тұсында Сарыағаш  қаласында салынған  көпқабатты тұрғын үй кезегінде болып, Келес ауданы қайта құрылғаннан кейін  бүгінгі таңда сол  кезектен негізсіз  алынғандары жайлы және Абай ауылнан  кезекте тұрған азаматтарға үй іргелік жер беру мәселелерін көтерді. 

Азаматтарға Сарыағаш қаласындағы тұрғын үй кезегінен алу мәселесі бойынша  түсініктеме беріп, партия филиалы тарапынан бұл  мәселе назарда болатынын, ал үй-іргелік жер бөлу бойынша қазіргі таңдағы жағдайды жеткізіп, жерді рәсімдеу бойынша  алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Түркістан-Келес: Облыстық үміткерлер үгіт насихат жұмысын жүргізді
Киелі Келестің бәйтерегімен салиқалы сұхбат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу