Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы қаулы

Oinet.kz 20-11-2020 725

ҚАУЛЫ


Шымкент қаласы ПОСТАНОВЛЕНИЕ


город Шымкент              20.11.2020ж. №43


Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын  ұзарту және Шымкент қаласының 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №57), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №58), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №59), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 казандағы №61 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №61), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 02 қарашадағы №62 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №62), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты, вирусты пневмония ауруының өсуіне орай және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 23 қазан сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 7 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қазандағы №42 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін: 

1) 3 тармақтың 3.7. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар және кулинариялар), сонымен қатар сауда-ойын-сауық кешендерінің (жеке ғимараттардағы) ішінде орналасқан нысандардың қызметті (келушелірге қызмет көрсету) жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін шектелсін. Келушелірге қызмет көрсетуге байланысты емес жұмыстар қалыпты жағдайда жүргізіледі. Салтанатты, мерей тойлық жиын іс шараларды өткізуге (банкет, той, еске алу, туылған күн, мерей той, шығарып салу, құдалық, беташар және басқа), фудкордтардың, банкеттердің өткізілуіне және кальянды пайдалануға тыйым салынсын;

2) 3 тармақтың 3.10. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«3.10. АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшектер дүкендері, авто-экспресс (тамақты сыртқа шығару), автожуу бекеттері, шиномонтаж, техникалық жөндеу бекеттері, автомобиль жөндеу және оған қызмет көрсету бекеттері, тігін шеберханалары, тұрмыстық техникаларды жөндеу нысандары, аяқ киім жөндеу орындары, химиялық тазалау, кір жуатын мекемелер, телефон және компьютер жөндеу орындарының жұмысы  қалыпты режимде ұйымдастырылсын»; 

3) 3 тармақтың 3.16. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3.16. 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын. Жеткізу және шығару режимінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру нысандары қалыпты режимде жұмыс істейді»;

4) 4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік иесіне қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне»;

5) 4 тармақтың 4.1. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«4.1. жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін созылсын. Бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын»;

  6) 4 тармақтың  4.6. тармақшасы мынадай редакцияда қосымша жазылсын: 

« 4.6. 2020 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде, бұдан-әрі тұрақты түрде, Шымкент қаласы бойынша меншік иесіне қарамай барлық зертханалық зерделеу ауқымын жүйелендіріп, ПТР тестілеудің, ПТР-зерттеу бойынша есебін, бірыңғай бағдарламаға енгізіп интеграциялауымен қамтамасыз етсін»; 

7) 4 тармақтың 4.7. тармақшасы мынадай редакцияда қосымша жазылсын: 

«4.7. медициналық ұйымдарда аймақтандыруды, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатан сақтауды және жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілсін».

3. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

4. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

5. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

6. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері    А.Тулебаев

Қызылордалық полицейлер министрден араша сұрайды (видео)
Сенатор Нұртөре Жүсіп бастауыш сыныпқа жаңа пән енгізуді ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу