Қарабақтағы жеңіске себепкер болған қазақ туралы шындық

Oinet.kz 17-11-2020 1898

Түрік Қарулы Күштері элиталық әскерлерінің бригадалық генералы Бахтияр Ерсай. Ильхам Әлиев армиясының бүкіл Қарабақтағы шабуыл операциясының бас жетекшісі.

image.png

Генерал Ерсай этникалық қазақ, Кіші Жүз, Байұлы деген ақпарат Еуропа мен мұхиттың ар жағындағы ақпарат құралдарын кезіп кетті.

Түрік Қарулы Күштерінің бригадалық генералы Бахтияр Ерсай Әзірбайжанның Бас штабын басқарды. Қарабақтағы қарсы шабуыл — бұл оның басшылығымен жасалған операция.

Генерал Ерсай — қоғам үшін жабық, белгісіз тұлға. Осы уақытқа дейін ол жайлы Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмады. Ағылшын тілді БАҚ-та да ол туралы ақпарат жоқтың қасы. Түрік баспасөзінде Ерсай жайлы мтам-тұм ақпарат ғана кездеседі.

Генерал жайлы толық ақпаратты 2016 жылдың тамызында Hürriyet («Бостандық») газеті айтты. 2003 жылы барлау офицері Ерсай премьер-министр қызметіне жаңадан кіріскен Реджеп Ердоғанға қарсы әскери қастандыққа қатысты (әскери қастандық «Балға операциясы» деп аталды).

Төңкеріс туралы ақпарат 2010 жылы ғана жарияланды. Ерсай қамауға алынып, 16 жылға сотталды, бірақ үкім шыққаннан кейін ол кешірімге ие болды. Түрік билігінің бұл жұмсақ болуының себебі түсініксіз. Кейбір мәліметтер бойынша, Ерсай мәміле жасап, қастандықтың басқа қатысушыларына қарсы куәлік берген деген болжам айтылады.

Ол түрмеде отырудың орнына бригадалық генерал атағын алып, «күрд майданына» ауыстырылды: Түркияның солтүстігіндегі Күрдістан жұмысшылар партиясының (ПКК) қарулы құрамаларына қарсы ұрыс қимылдарына белсенді қатысқан 2-командо бригадасын басқарды. Сол соғыста бірнеше жүз күрд содырларын жойып, «контр-партизандық соғыстың» үздік мамандарының бірі саналды.

Сондай-ақ, Hürriyet-тің хабарлауынша, Ерсай Ливиядағы операцияларға қатысқан. Атап айтқанда, ол Муаммар Каддафи режимі құлағаннан кейін түрік азаматтарын елден эвакуациялауға жауапты болды. Ставангердегі (Норвегия) НАТО-ның Біріккен әскери орталығындағы оқу семинарларына қатысты. 2019 жылдың тамызында Haber медиахолдингі Түркияның Жоғары әскери кеңесі (Yüksek Askeri Sura, YAS) Ерсайға генерал-майор шенін берді деп жариялады.

Оңғар Қабден 

aiqai.kz

Ринат Зайытовтың әйелі шын мәнінде кім? (фото)
Соңғы тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу