Кептелісті реттеген шымкенттік полицейдің видеосы тарады (видео)

Oinet.kz 17-11-2020 1553

Желіде жұмысынан тыс уақытта жолдағы кептелісті реттеген шымкенттік полицей Алдаберген Мылтықбайдың видеосы тарады, деп хабарлайды Oinet.kz  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

image.png

Ол түнгі ауысымнан кейін үйіне жеке көлігімен қайтып келе жатып, жол қиылысындағы кептелісті реттей бастаған.

Tengrinews.kz тілшісі патрульдік полицияның 27 жастағы инспекторы Алдаберген Мылтықбаймен байланысқа шықты.

- Жұмыстан түнгі ауысымнан таңертең сағат 10-да келе жатқанмын. Бәйтереков пен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы кептелісті көрдім. Бағдаршамдар жұмыс істемей тұр екен. Әріптестерім мен жүргізушілерге көмектескім келді, көліктен шығып, қозғалысты реттей бастадым, - дейді аға лейтенант.

Полицей видео Желіде тарап, танымал болып кетемін деп ойламағанын айтады.

- Видео осылай тарап кетеді деп күтпедім. Танымал болып кетейін деп көмектескен жоқпын, тек өз жұмысымды істедім, яғни жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Менің орнымда кез келген полиция қызметкері осылай істейтін еді. Жүргізушілер өздері шыға алмады, жаңбыр жауып тұрды, бірақ көбі алғыс білдірді, - дейді полицей.

Айта кетейік, Алдаберген Мылтықбай осымен сегізінші жыл патрульдік полицияда жұмыс істейді екен. Әйелі, екі қызы бар.

image.png

АҚШ Түркияның Қарабақ келісіміндегі рөлін нақтылауды сұрады
Жанболат Ағаділдің өліміне күдіктінің анасы жұрттан көмек сұрады (видео сілтемеде)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу