Владимир Зеленский ауруханаға түсті
Украина президенті Владимир Зеленский Фовофания ауруханасында COVID-19 емделіп жатыр. Бұл жайында президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Шенеуніктің айтуынша, Зеленскиймен бірге президент кеңсесінің басшысы Андрий Ермак та ауруханаға жатқызылған.
- Барлығы айтарлықтай қатаң, хаттамамен реттеледі, олар (Зеленский мен Ермак – ред.) Феофанияда жатыр. Президент кездесулер өткізе алатын жабдықталған арнайы кабинет бар... Ол оқшауланған палатада жатыр, сәйкесінше, ол жерде арнайы байланыс құралдары орнатылған, – деді Подоляк. Ол Зеленский мен Ермактың стандартты жұмыс кестесі бар екенін, жалғыз шектеу оқшаулану екенін атап өтті. Михаил Подоляк ауруханада Зеленский мен Ермак тек телефон арқылы сөйлесетінін айтты.