Оңтүстік Кореяда қазақстандық ұсталды

Oinet.kz 10-11-2020 895

Оңтүстік Кореядағы Кванджу қаласының полициясы 28 қазанда елде заңсыз жүрген 26 жастағы қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Newsis.

image.png

Ол телефон алаяқтарымен қатысы бар деп айыпталып отыр.

Дереккөз мәліметінше, қазақстандық 500 мың вон (шамамен 194 мың теңге) сыйақы үшін біреуден 35 миллион вон (шамамен 13,6 миллион теңге) алуы керек болған.

Осылайша қазақстандық егде жастағы кісілерді телефон арқылы алдап, олардан бар жинаған ақшасын пакетке салып, есік алдына қойып қоюын талап еткен.

- Қазақстан азаматы ақша салынған пакетті алып, Кенгидо провинциясынан асып өтіп, ақшаны өзге біреуге тапсырған. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп жазады басылым.

Редакция Қазақстанның СІМ өкілдерінен осы мәселеге қатысты пікір білдіруін сұрады.

Алматыдағы карантин: Бекшин қаулыға қол қойды
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу