Павлодарда әйел мен үш кішкентай баласын айуандықпен өлтіріп кеткен

Oinet.kz 09-11-2020 775

Павлодар полициясына 9 қараша сағат 12.00-де Айманов көшесі, 2-үйдегі пәтерден төрт мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

image.png

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үйге оралған ер адам кейін есікті аша алмай, көршілерінен арнайы құрылғы сұрап есікті ашқаны анықталды. Есік ішкі жағынан бекітілген. 

Ер адам пәтерге кіргеннен кейін, бөлмелердің бірінде әйелінің және үш кішкентай баланың (2013, 2015 және 2017 ж.т.) мәйітін көрген. 

Ерлі-зайыптылар бірге өмір сүрген. Олар пәтерден табылған үш баланың ата-анасы екені расталды. Пәтердегі тәртіп бұзылған жоқ. Жұбайы полиция шақырған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігінің 99-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жайлар тексеріліп жатыр.

Мемлекет басшысы тағы бір заңға қол қойды
Қазақстандық авиакомпанияның ұшқышы Түркияда көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу