Польшада 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді

Oinet.kz 04-11-2020 823

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KTK.KZ сайтына сілтеме жасап.

163779.jpg

«2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында 2004 жылы туған Қазақстан азаматы оқ жарақаты салдарынан қаза тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда Елшілік ҚР азаматының туыстарымен байланыс орнатып, оның денесін елге қайтару жұмыстарын атқарып жатыр», - деді СІМ баспасөз қызметінен. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қазақстандық өзінің достарымен бірге алма бағына барған, сол жақта оған оқ тиген. Ол Клучковице-Оседльдегі мектеп-интернаттың оқушысы болған. Қазақстан азаматына оқ атқан күдікті әзірше ұсталған жоқ. 

Иммунолог COVID-19 вакцинасы туралы маңызды мәлімдеме жасады
Тоқаев халықаралық қоғамдастықты терроризммен күресте күш біріктіруге шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу