Ыстамбұлда тағы да жарылыс
16-11-2022
Вена полициясы 2 қарашада болған террористік акт туралы ресми мәлімдеме жасады - террористер қаланың алты түрлі жерінде оқ жаудырды. Вена полициясының мәлімдемесі департаменттің Twitter-дегі ресми аккаунтында пайда болды.
Бүгінге белгілісі, пулеметпен қаруланған бірнеше адам оқ жаудырған. Оқ жаудыру жергілікті уақыт бойынша кешкі сегізде басталып, қаланың алты түрлі жерінде террорлық шабуыл болған.
Жарақат алғандардың арасында бір полиция қызметкері бар екені анықталды. Құқық қорғау органдары шабуыл жасаушылардың бірінің көзін жойды.
Бұған дейін Австрия Ішкі істер министрлігі лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адам қаза тапты деп хабарлаған - олардың нақты саны жария етілмеген. Кейін РИА Новости басылымы қала мэрі Михаэль Людвигтің сөзіне сілтеме жасай отырып, қарулы шабуылдың құрбандары екі адам болғанын хабарлайды.
- Қорқынышты қылмыстан ер адам қаза тапқаннан кейін, артынша әйел қайтыс болды, - деді Людвиг жергілікті телеарнаға берген сұхбатында.
Ол сонымен бірге 15 зардап шегушінің қала ауруханаларына жеткізілгенін, олардың жетеуі ауруханаға түскен кезде ауыр халде болғанын нақтылады.
Сондай-ақ, Вена операсында болған адамдарға үйлеріне қайтуға рұқсат етілгені туралы хабарланған. Бұған дейін олар театр ғимаратынан шыға алмаған болатын. Олар метроның бір желісі бойынша эвакуацияланды.
Mash телеграм-каналының хабарлауынша, шабуылдаушылардың бірінде жанкештінің белдігі (қолдан жасалған жарылғыш зат - ред.) болуы мүмкін. Бұл ақпараттың ресми растамасы жоқ.
Шабуыл жасаушылардың ұсталған сәтінен видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
Алайда, Ішкі істер министрлігі қазір бейнежазбаларды тексеріп жатқандықтарын және кеше, 2 қарашада Венаға шабуыл жасаған лаңкестердің ұсталуы камераға түсіп қалған-қалмағанын нақты растай алмайтындықтарын алға тартты.