Тоқаев халыққа маңызды үндеу жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
- Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын", - дейді Тоқаев.
Осылайша коронавирустың таралуы туралы айтқан мемлекет басшысы халықты сақ болуға шақырды.
- Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты, - дейді мемлекет басшысы.