Грекияда «Қайраттың» аңызға айналған ойыншысы Е. Пехлеванидидің мерейтойы атап өтілді
Ү.ж. 29 қазанда Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінде аты аңызға айналған алматылық «Қайраттың» бомбардирі, сексенінші жылдардағы қазақстан футболының жұлдызы – Евстафий Пехлеванидиді құрметтеу рәсімі ұйымдастырылды.
«Қайрат» командасының ардагері алматылық клуб үшін 226 матчта карсыластардың қақпаларына 69 гол соғып, КСРО чемпионаты жоғары дивизионының тарихындағы өз командасының үздік бомбардирі ретінде Қазақстан және Кеңес Одағы футболының жылнамаларында өз есімін мәңгі есте қалдырған.
Осыған қоса, Пехлеваниди Кеңес Одағы футболының Жоғарғы лигасы матчтарының тарихында ең жылдам гол соққан ойыншы ретінде рекордымен әйгілі. 1986 жылғы 3 қыркүйекте шабуылшы сол кездегі КСРО чемпионы – Киевтік «Динамо» қақпасына матч басталғалы не бары 10 секунд ішінде гол соққан болатын.
Қазіргі кезде Афинада тұратын қайраттылық «Грек» сол кездегі ең үздік кеңес командаларының қақпашылары үшін нағыз қауіп-қатер болып, орта және алыс қашықтықтардан өзінің фирмалық зеңбіректей доп соққыларымен ерекшеленді, сондай-ақ «екінші қабаттағы» тамаша ойынымен қазақстандық футбол жанкүйерлерінің есінде қалды.
Қазақстан Елшісі Алексей Волков Е.Пехлеванидидің Қазақстандағы спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан елеулі үлесін атай отыра, спортшыны айтулы күнімен құттықтады, және естелік сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар, А. Волков Грекиядағы ҚР Елшілігінің іс-шараларға белсенді қатысу арқылы Қазақстан-Грек қарым-қатынастарын дамыту және нығайтуда футбол ардагерінің маңызды рөліне ерекше назар аударды.
«Қазақстанда Сіздің жетістіктеріңіз бен КСРО футбол чемпионатының жоғары эшелонында республикамызды паш етіп, алматылық «Қайраттың» ойындарына қосқан зар үлесіңізді мақтан тұтамыз», - деп атап өтті А. Волков.
Е. Пехлеваниди құттықтаулар үшін алғысын білдіріп, өзінің туған жері – Шымкент қаласы туралы естеліктерімен бөлісті, ал Қазақстан елінің оның жүрегінде ерекше орнын алып жатқанын жылы лебізімен жеткізді.
«Менің Отаным – Қазақстан деп айтатынмын, және үнемі айта жүремін. Мен сол жақта дүниеге келдім, балаларым да сол жерде туылған. Мен Қазақстанда кайран жастығымды өткердім. Қазақстандық достарым мен қолдаушы Казахстан халқыма шексіз сүйіспеншілік пен ризашылығымды білдіремін», - деп бомабардир өз сезімдерімен бөлісті.