Саясат Идеятұлы: «Ғұламалар неге тәлім бермейді?»

Oinet.kz 22-10-2020 843

Жақында «Асыл арна» директоры Мұхамеджан Тазабектің «Тәлім Trend» атты бағдарламасы көрерменге жол тартты.  Бірақ ол тәлім-тәрбиені әдеттегідей You tube немесе өз арнасынан емес, Ұлттық арнадан көрсетіп жатыр. Әрине, Мұхамеджан десе, дау-дамай да қоса жүретінін жасыру мүмкін емес. Бұл жолы халықтың да, қоғам белсенділерінің де пікірі екіге жарылды. Бірі бұл бағдарлама концепциясынан үміт көрсе, екіншілері тәлімнің орнына өзге дүние бере ме деген күдікте. Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, даттап жатқандар да, ақтап жатқандар да табылады. Осы тұста блогер Саясат Идеятұлы да «Тәлім Trend» бағдарламасы туралы пікірін білдірген еді.

39133094_2290067894613303_6906497657544376320_n.jpg

Әр хабардың өз миссиясы болады ғой. Біреуі күлдіруге, біреуі толқытып, жылатуға, бірі таза рейтинг үшін хайп қуады.  «Тәлім trend» миссиясын аты айтып тұрғандай, тәлім беруге негізделіп тұр. Ал тәлімді кім береді, соның идеологиясы жүретіні итке де, итақайға да айқын дүние. 

Сондықтан «Қалаулымға» неге қарсы шықпайсыңдар деу – өте негізсіз сөз. Себебі белгілі, біріншіден, ол Ұлттық арнада көрсетілмейді, басқа арна, айталық Мұхаметжан мырзаны «Асыл арнадан» көрсетпеңдер деп жатқан жоқ қой. Екіншіден, жоғарыда айтып кеткенімдей, «Қалаулымның» миссиясы басқа, ол ешкімге тәлім-тәрбие беруді мақсат тұтпаған. Мың таңдауы бар қоғамның бір парасының қызығы үшін. Оны көру - көрмеу өз шаруаң. 

«Тәлім trend» атауынан бастап, Ұлттық арнадан мені көріңдер, менен тәлім алыңдар деп тұр. Яғни қоғамды тәрбиелеуді миссия қылғанын жасырмай отыр. Ендеше осындай миссияны арқалаған бағдарламаны жүргізетін адам туралы қоғам неге өз сөзін айтпауы керек?! Өйткені теледидар көрмейді дегеннің өзінде қоғамның бір бөлігіне ықпал етуді жасырмайтын бағдарламаға неге пікір білдіріп, өз көзқарасын білдірмеуі керек? Жүз пайыз мемлекет қаржысынан қаржыландырылатын, басты мақсаты зайырлы мемлекетшілдікті қалыптастыруы тиіс деген арна неге діни арнаның директорын эфирге шығарып, тәлім-тәрбие туралы әңгіме айтқызуы керек деген пікір, меніңше, орынды пікір. 

Сол тәлімді айта алатын діни арна менеджері емес, дін саласының ғалымдары, ҚазҰУ, ЕҰУ, қала берді Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдары неге тәлім бермейді деген пікірдің болуы да заңдылық. Жоқ дегенде, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бар. Олардың Ғұламалар кеңесі деген бөлімі бар. Солар жетпей жатыр ма?! Өйткені бұндай қоғамға тәлім беретін адам өз ісінің маманы, ғалымы болуы тиіс емес пе?! Әрине, талаптың орындалуы бір басқа, мен көрерменді неге қарсы шығасың деп жазғыру туралы айтып отырмын.


Назира Дәрімбет: «Мұхамеджан Тазабек ақымақ емес»
Біржан Байтуов: «Қазақ дүниетанымына жат еш нәрсе көрген жоқпын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу