Қазақстан кәсіподақтарына – 30 жыл
10 қазан – Қазақстан кәсіподақтарына 30 жыл.
Осы орайда, Шымкент қаласы, Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің және салалық кәсіподақтардың бірлесе ұйымдастыруымен "10 қазан – Кәсіподақ қызметкерлері күні" мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді.
Салтанатты шараға "Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов, «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, кәсіподақтар қоғамдастығының ардагерлері, салалық кәсіподақ төрағалары және бұл саладағы жас белсенділер қатысты.
Кәсіби мереке аясында кәсіподақтар қозғалысының ардагері Досыбай Айтбайұлы Шерімқұлов «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық жыл сайынғы байқауының ІІ-орын иегері, «Қорқыт ата» атындағы №22 негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Бауыржан Рахметуллаұлы Бөлегенов салалық кәсіподақтың 150 мың теңгелік сертификатына ие болды. Сондай-ақ, осы салада атқарған ерен еңбектері үшін бірқатар ардагерлер мерекелік «Құттықтау» хаттары мен қаржылай сыйлықтарға ие болды. Саналы ғұмырларының 40-50 жылын кәсіподақ саласына арнаған әрбір ардагер қай кезде де құрметке лайық.
Сонымен қатар, еңбек адамының мүддесін қорғау, кәсіподақ қозғалысын дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерацияның «Грамотасымен» "YNTYMAQ" салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалдарының төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев марапатталды. Ал, кәсіподақ жұмысына белсенді қатысып, адал еңбегі мен жауапты көзқарасы, жоғары кәсібилігімен өз лауазымының міндеттерін орындап жүргені үшін «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының «Алғыс» хаты Серік Елемесұлы Әуесхановқа табысталды.
Жұмыскерлердің мүдделерін қорғау, құқықтарының сақталуын қоғамдық түрде бақылау, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, еңбек дауларын шешу – бұл ұйымның басты міндеттері.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы қардынды дамып келеді. Қатарында 22 салалық кәсіподақтар, 17 аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері және оның құрамында 2 миллионға жуық кәсіподақ мүшелері бар.