Экс-сенатор 100 доллар парамен ұсталды

Oinet.kz 15-04-2019 1080

4f32b79d5304cf1f1ad726c176d47c2c-1.jpg

Өзбекстанда елдің жоғары палатасы-Олий Мажлистің бұрынғы депутаты, экс-сенатор Рахимахон Курганова 100 доллар парамен ұсталған.

Оқиға былтыр қыркүйекте болған. Бұл кезде Ферғана облысындағы мектеп директоры болып істеп жүрген экс-сенатор бір мұғалімнен мектепке екі оқушыны қабылдау үшін 100 доллар пара алған.  Ақпарат құралдарында Курганованың парақорлық бабы бойынша айыпталып, тиісті жазасын алғаны айтылады. Бірақ нақты нендей жаза екендігі көрсетілмеген. Есесіне ол биыл наурызда мектеп директоры лауазымына қайта тағайындалған.

Рахимахон Курганова Сенат депутаттығын 2010-2014 жылдар аралығында атқарған.

Білім министрі мұғалімдермен бірге еден жуушы, күзетші, электриктердің де айлығы өсетінін айтты
Бюджет қызметкерлерінің жалақысы 1 маусымнан көбейеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу