Шымкенттің әкімі өздерін «пиарщик», «ұры» деп сынайтындарға жауап берді
Фото әкімнің Инстаграм парақшасынан алынды
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкімдікті пиарщиктер, ұрылар деп сынайтындарға өз жауабын берді деп xабарлайды Oinet.kz
Шаһар басшысы өз жазбасында әкімдік қазіргі таңда негізінен қандай жұмыстармен айналысып жатқанын түсіндіре кетті:
"Құрметті достар! Мен күн сайын қалаға жақында ғана қосылған аудандардағы сапасыз жолдар, үйлер жайлы, жарық, су, газдың жоқтығы жайлы мыңдаған пікірлерді (әлеуметтік желіге жазылған пікірлер - автор) оқимын. Бұл 40 елдімекенде шамамен 200 мыңдай адам тұрады. Көпшілік біздің әкімдікті сынап, пиарщиктер, ұрылар деп жазып жатады. Енді менің сіздерге айтарым бар. Бірдеңе істеу үшін қаржы керек. Ақша аспаннан жаумайды. Оны еңбек етіп табу керек. Қаланың бюджеті 181 млрд. теңгені құрайды.
2015 жылы мен бірінші рет әкім болып келген кезде қаланың бюджеті 90 млрд. теңге еді. Әкімдік қызметкерлерінің үйлестірілген жұмысының арқасында біз қаланың инфрақұрылымын жетілдіру бойынша көптеген жобалық-сметалық құжаттарды әзірледік. Осыдан кейін біз ақша сұрап, үкіметке бардық. Елбасы біздің жобаларды қолдады. Нәтижесінде үкімет ақшаның белгілі бір бөлігін бөлді. Осының арқасында біз бюджетімізді арттырдық және ауқымды жұмысқа кірістік.
Бір адамға арналған қала бюджеті жылына 180 мың теңгені құрайды. Республика бойынша орта есеппен 270 мың теңге. Өткен жылы Шымкент республикалық қала мәртебесін алды. Мемлекет басшысы үкіметке Шымкент қаласының бюджетін қолдауды бұйырды. Мен және менің командам үкіметпен бірге жобалармен және қала бюджетін өсіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл оңай емес. Үлкен еңбек! Қала тұрғындарының барлық сұранысын қанағаттандыру үшін уақыт қажет. Біз Шымкентті гүлдендіріп, қала тұрғындарын бай және бақытты етеміз деген үлкен мақсатымызға бірге жетеміз деп ойлаймын!
Жергілікті бюджетке салықтар есебінен кірістерді ұлғайту өте маңызды. Бұл үшін біз үлкен инвестицияларды тартып, жаңа жұмыс орындарын ашып жұмыссыздықты болдырмауға тиіспіз.
Біздің қаламыз 5-10 жылдан кейін қандай болады, бұл бәрімізге байланысты. Әркім жұмыс істеуге және ақша табуға тырысу керек. Тек еңбек қана біздің өмірімізді мәнді де сәнді етеді! Мен бізді шымкенттіктерге сенемін! Шымкент жақын арада күшті және бай қала болады деп ойлаймын. Бұны бірге жасай аламыз деп ойлаймын!" - деп сөзін қорытындылады қала басшысы.