Нұрбол ТҰРАШБЕКОВ: «Белсенділік танытқан партияның әр мүшесіне алғысымды білдіремін»
Бүгін мен партияішілік праймеризге қатысып, онлайн режимінде өз кандидатыма дауыс бердім.
«NUR OTAN» партиясы сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуы үшін әр азаматтың дұрыс таңдау жасауы аса маңызды. Бүгінге дейін үміткерлердің тең дәрежеде праймеризге қатысуы олардың қарым-қабілетін ашып, елмен етене жұмыс істеу мүмкіндік деңгейін анықтап берді.
Биыл алғаш рет өткізіліп отырған бұл саяси дода таңдауына Ордабасы ауданында 3620 партия мүшесі қатысуда. Қазіргі таңда бұл азаматтардың 96 пайызы дауыс беріп үлгерді. Онлайн-режимі партияластарымыздың таңдауын әділ жасауға және өз уақытын тиімді пайдалануға оңтайлы жүйе екенін де атап өткеніміз жөн. Бұл аудандағы партия мүшелерінің таңдауға қатысу белсенділігінен анық көрініс тапты.
«NUR OTAN» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы ретінде Мен праймеризден шет қалмай, саяси науқанға қатысқан, елдің ертеңіне немқұрайлы қарамай, белсенділік танытқан партияның әр мүшесіне алғысымды білдіремін.
Бірліктің шырақшысы саналатын қасиетті Ордабасы өңірі ыдырамас ынтымақтың арқасында дамудың даңғыл жолынан адаспайды деп сенемін.
Нұрбол ТҰРАШБЕКОВ,
Ордабасы ауданының әкімі