Цой қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында халықтың сергектігі төмендеп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, бұл еркінді коронавирусты жұқтырғандар санының өсуіне және карантиндік шектеулердің қатаюына әкелуі мүмкін екендігін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
- "Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуымен бірге халықтың сақтығы әлсіреп бара жатқанын байқап отырмыз, маска тағу мен әлеуметтік қашықтық режимі сақтала бермейді. Бұл аурудың таралуына және әлемдегі көптеген елдердегідей Қазақстанда карантиндік режимнің қатаюына әкелуі мүмкін", - деді Цой.
Оның айтуынша, өңірлердегі рейдтердің нәтижелері карантин режимі әлсіреген сәттен бастап бұзушылықтар 30,4-тен 40,7 пайызға дейін өсіп келе жатқанын көрсетеді.
- "Карантинді бұзу санының өсуі 10 өңірде байқалады. 5-27 қыркүйек аралығында маска режимін сақтамағаны үшін 1130 адам жазаланды", - деді ол.
Цой қалалар мен облыстардың әкімдеріне объектілерде және халық арасында карантиндік және маскалық режимнің сақталуын бақылауды күшейтуді, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.