Алматы облысында 15 жастағы қыз бала қайтыс болды

Oinet.kz 29-09-2020 1256

Алматы облысында 15 жастағы қыз бала қайтыс болды. Болжам бойынша, ұялы телефонын қуаттамақ болғанда оны тоқ соққан. 

Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні түнгі сағат ондар шамасында болған.

109080f015e3fdaa747066596925fb7b.jpg

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында болған.

Электр тоғы соғу салдарынан 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Тексеру барысында қыздың ұялы телефоны электр қуатына қосулы болған, сол арқылы қызға электр тоғы өткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта медициналық-сот сараптамасы тағайындалған.

Baq.kz

Қазақстанда болашақ ұстаздардың шәкіртақысы өсті
Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінен коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу