Келіссөздер пулы құрылды
Еңбек ұжымдарында туындаған даулы мәселелер туындаған жағдайда, тікелей еңбек ұжымдарымен жұмыс жасайтын келіссөздер пулы құрылды.
Пул отырысына Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласындағы ҚР Жұмыс берушілер Конфедерациясы өкілі А.Толщин, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бөлім басшысы Ермек Қаңлыбаев, қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясының инспекторы С.Алиманов, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы Г.Қасымова қатысты. Жиын барысында тікелей еңбек ұжымдарымен жұмыс жасайтын келіссөздер пулының негізі мен келіссөздер жүргізу барысында пайдаланылатын құжаттар таныстырылды. Сондай-ақ, пулдың тиімді жұмыс жүргізуін ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, еңбек дауы туындаған жаңдайда пул мүшелеріне дер кезінде хабар берілуі үшін арнайы чат құрылғандығы мәлім етіліп, ақпарат түскен мезетте шұғыл жиналу жөнінде шешім қабылданды.