Қуат Хамитов түрмедегі жағдайы туралы бар шындықты айтты

Oinet.kz 27-09-2020 976

Белгілі спортшы Қуат Хамитов өзінің қалада дезинфекция жасап жүргендермен күрес жүргізу керегін, ешкімнен кешірім сұрамағанын, сондай-ақ ұсталғаннан кейін қалай аштыққа ұшырағанын мәлімдеді. Бұл туралы Fight Nights Global 98 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін Ресейдің YouTube-тегі "Ушатайка: Спорт-Экспресс" арнасына ашық сұхбатында айтты.

image.png

– Білесіз бе, мен бұл тақырыпты көтерген кезде көптеген адамдар мені есі ауысқан деп ойлайды. Бірақ менің айтқаным рас нәрсе. Уақыт өте адамдар менің дұрыс айтқанымды түсінеді. Адамдар халықты улай бастайды, содан соң жаппай ауыра бастайды. Сондықтан мен бұл қорлықты, ауруды тоқтатқым келді. Себебі барлық туыстар, достар екі-үш күнде ауырып қалды. Сондықтан мен бәріне қандай да бір жолмен тоқтату керек екенін айттым. Көшеде дезинфекция жасап жатқандарды тоқтатып, қандай ерітіндімен дезинфекция жасайтындығын тексеріңіз. Себебі вирустың өзі көшеде жүрмейді, ауада ұшады. Ал оған дезинфекция жасау мүмкін емес, – деді спортшы.

Ол дезинфекция жасайтындарға айтқан сөзіне емес, бұған дейінгі басқа мәлімдемелері үшін де ұсталдым деп ойлайды. Спортшы екі күн қамауда болғаннан кейін босатылған. Қамауда қандай жағдайда болғанын сұхбатта баяндап берді:

– Мен түрмеде отырғанда, мүлдем тамақ ішпедім, аш болдым. Олар маған таңғы ас, тамақ әкелді. Бірақ маған олар берген тамақты жеуге болмайтын. Мен ештеңе сұрамадым. Барлық адамдар секілді тыныш отырдым. Осы екі күнде қанша килограмм салмақ тастағанымды білмеймін. Бірақ қатты шаршадым. Сонымен қатар, мен тәттілерді өте жақсы көремін.  Ал егер қант жемесем, "вампир" сияқты болып кетемін. Олар түсірген видеода олар мені ұрған секілді көрінді. Ал шын мәнінде, жекпе-жекке дейін 10-12 күн қалған еді. Салмақ қудым, шаршадым. Содан шашым осындай болды. Сол сәтте олар телефонға білдірмей түсіріп алған, содан соң видео таралып кетті, – дейді ол.

Спортшы ешкімнен кешірім сұрамағанын айтты.

– Көптеген адамдар біреуден кешірім сұрағанымды айтады. Алайда мен ешкімнен кешірім сұрамадым. Мен өз сөзімнен қайтпаймын. Сонымен қатар, мен халықты улауды тоқтату керек деп ойлаймын, – дейді Қуат Хамитов.

​Ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу