Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Осы аптада ел арасында «қазақ-өзбек шекарасы ашылды» деген ақпарат тарай бастады.
Қазақ-өзбек шекарасы карантин шаралары басталғалы бері жабық тұр. Арғы жақпен қойы қоралас, ауылы аралас жатқан, туған-туыс, құда-жегжатпен қарым-қатынас жасай алмай отырған Түркістан облысының тұрғындарын бұл жаңалық елең еткізді.
Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің аптығын су сепкендей басты. Комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстері ашылғанымен, шекара әлі жабық.
Бұл елдерге әзірге тек әуе жолдары арқылы баруға болады. Шекараны жаяу өтуге болмайды.
Шекараларды ашу туралы шешімді ведомствоаралық комиссия мен Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері коронавирус пандемиясының эпидемиялогиялық жағдайына сүйене отырып қабылдайды. Соңғы мәліметтерге қарағанда Өзбекстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалдың аздап ауырлай түскені байқалады.