Әкімдер өздерінің жалақысы туралы ақпарат жариялайтын болды

Oinet.kz 14-09-2020 940

Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат!» атты кең ауқымды акциясы басталғанын хабарлайды. Бұл туралы Республикалық жобалық кеңсенің жетекшісі Төлеген Байғұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Іс - шараның негізгі мақсаты-мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің басшыларын парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыру.

- «Бұл акциямен біз басшылардың назарына өз қызметкерлерін қателіктерден сақтандыруы, олар заңдарды бұзбауы үшін аударғымыз келеді. Өйткені, әр басшы өзінің жеке жауапкершілігін түсінуі керек. Мен республиканың барлық бұқаралық ақпарат құралдарын акция өтетін кезеңдегі біздің қызметімізді кеңінен жариялауға шақырамын», - деді Т.Байғұлов.

Сондай-ақ, іс-шара аясында, облыс әкімдері, министрлер мен облыс әкімдерінің өз қызметтерінің ашықтығын көрсетіп, жалақы туралы ақпарат жариялап, «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесіне ақпарат жіберулері қажет. Сонымен қатар, олар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат беріп, өз ұсыныстарын енгізу қажет.

Бұл жұмысты облыс әкімдерінің орынбасарлары мен еліміздің барлық аймақтарының мемлекеттік органдарының басшылары жүзеге асыруы қажет. Акция нәтижелері бойынша облыс әкімдерінің жұмысына баға беріліп, басшылықтың қаншалықты халық үніне құлақ асатыны және ашықтығы ескеріледі.

Акция 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне дейін жалғасып, ең тиімді басшылар атап өтіледі.

- «Бұл басшылықтың жауапкершілігі мен қылмыс жасаудағы моральдық құқықтық жауапкершілікті арттырады, Мемлекет басшысының алға қойған басымдықтарын және оны жергілікті жерлерде қалай жүзеге асыратынын көрсетеді. Өз кезегінде кері байланыс үшін +7-702-000-2494 жедел желісі жұмыс істейтінін еске саламын. Осы нөмір бойынша Whats app-қа кез-келген өтініштер, фотосуреттер мен бейнематериалдар жіберуге болады. Қоғамдық бірлестіктер көшбасшылары мен бей-жай қарамайтын азаматтардың белсенділігіне үміттенеміз», - деді Төлеген Байғұлов.

Айта кетейік, Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізбеген басшыларды дереу анықтау қажет.

Алексей Цой тұмауға қарсы екпе салдырды
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу