Нұр-Сұлтандағы иттер зорланған панаға көпбалалы аналар көшіп барды
Нұр-Сұлтандағы қаңғыбас иттерге арналған пана тағы да даудың ортасында қалған. Көпбалалы аналар пана ғимаратының бос екенін біліп, оған қоныстанып алған, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Негізінен мұнда 6-8 баласы бар әйелдер тұрады. Айтуларынша, олар он жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұр, бірақ әлі күнге дейін пәтер алмаған.
Пананың бос тұрғанын аналар зооқорғаушылардың жазбаларынан білген. Сосын осы жерді паналауға шешім қабылдаған.
Әйелдер бос ғимаратқа келгенде пананың қақпасы мен есігі ашық болғанын айтты. Көпбалалы аналардың сөзінше, олар мұнда екі күн бұрын келген және жоспарларынан бас тартқысы келмейді.
Айта кету керек, әкімшілік ғимараттағы электр қуаты мен суды өшірген.
Ал "Астана-Ветсервис" кәсіпорнының директоры Данияр Абдулов бұл оқиға туралы бір күн бұрын ғана білген.
"Бір жағынан, бұл әйелдерді де түсінемін, олардың әрқайсысының өзіндік оқиғасы бар, бірақ екінші жағынан... бұл нонсенс", - дейді Абдулов.
Кәсіпорын басшысы ретінде ол осы панаға жауап береді. Абдулов жағдайды бақылау үшін түнде жұмысында да қалған.
Осы кезде панаға жиһаздар салынған машина келді, одан көп балалы аналардың заттары түсірілді.
Кейіннен елорда әкімдігінің баспасөз қызметі әкімдік қызметкерлері мен полицейлер әйелдермен әңгіме өткізгенін хабарлады.
"Қазір онда ешкім жоқ", - деді баспасөз қызметінде.
Еске салайық, бұған дейін үйсіз иттер мен мысықтарға арналған изолятор аумағында төрт зорланған ит табылғаны белгілі болды. Еріктілер полицияға арыз жазды, "Астана-Ветсервис" тергеу жүріп жатқанын хабарлады.