Лукашенко: «Расында, бір орнымда көп отырып қалған шығармын...»

Oinet.kz 09-09-2020 640

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко өзінің бір орнында "біршама отырып қалғанын" мойындады, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz тілшісі.

Лукашенко назвал главную проблему Белоруссии - РИА Новости, 05.09.2020

- Иә, мүмкін, бір орнымда біраз отырып қалған шығармын. Мүмкін, мені тек теледидардан ғана емес, үтік пен шәйнектен де көрсете бастаған шығар. Иә. Бірақ, шын мәнінде, қазір Беларусь елін, тек мен ғана қорғай аламын, - деді Лукашенко "Россия 1" телеарнасына берген сұқбатында.

РИА Новостидің хабарлауынша, президенттік сайлау Беларуссияда 9 тамызда өтті, онда Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті. Ел оппозициясы сайлау нәтижелерін мойындамады, олар сайлауда Светлана Тихановская жеңді деп санайды. Лукашенко 1994 жылдың 20 шілдесінен бастап ел басқарып келеді.

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Бас прокуратура: Ақжарқын Тұрлыбайды елге алып келуге болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу