Танымал актер сегіз жылға сотталды

Oinet.kz 08-09-2020 1131

Ресейлік актер Михаил Ефремов сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_71667.jpeg

Дереккөз мәліметінше, судья шешім қабылдаған кезде актердің төрт баласы, оның ішінде кәмелетке толмаған студент қызы және ол көмектесіп жүрген ересек балалары бар екенін ескерген.

Подъем Telegram-каналының мәліметінше, актер қайтыс болған тарапқа өтемақы ретінде 800 мың рубль төлеуге міндеттелді.

"Ефремов соңғы сөзінде кінәсін мойындады. Сот мұны кінәні ішінара мойындау және оны жеңілдететін жағдай ретінде қарау мүмкін деп санады", - делінген хабарламада.

Мұның алдында соттың Ефремовті кінәлі деп танығаны хабарланған болатын.

Еске салайық, ресейлік актер Михаил Ефремов 8 маусымда жол апатына себепкер болған. Салдарынан Сергей Захаров қаза тапқан еді.

Кейіінрек Сергей Захаровтың үлкен баласы актер Михаил Ефремовтен 6,5 миллион рубль өндіріп алғысы келетіні хабарланды.

Көпбалалы ана Аймағамбетовке маңызды үндеу жасады (видео)
Бергей Рысқалиевтің тәркіленген мүлкі қайтарылатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу