Тоқаев қаржы орталығының басшысына маңызды тапсырма берді

Oinet.kz 04-09-2020 870

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады,  деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_71536.jpeg

Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстары кезінде өңірлік үйлестірудің маңызына ерекше тоқталды.

Қайрат Келімбетов Президентке Қаржы орталығының 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО жұмысын жаңғырту жайын баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді. 

Әлеуметтік желіде аңыз адамдарды қорлаған видеолар тарай бастады (видео)
Денсаулық сақтау министрі коронавирустың екінші толқыны туралы тың деректерді айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу