Тұяқбай мен Тұяқбаевтың арасында не байланыс бар?

Oinet.kz 03-09-2020 1517

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. 

image.png

Бұған дейін белгілі болғандай, алматылық қоғам белсендісі Светлана Дружинина 23 шілдеде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы полицияға арыз берген. Оның пікірінше, шенеунік шілде айының ортасында Алматының дәріханаларында дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы айтқан кезде жалған ақпарат таратқан.

Дәлірегі  13 шілдеде Сапарбек Тұяқбаев онлайн-брифингте қалада дәрі-дәрмек жеткілікті екенін мәлімдейді. Ол тіпті дәрі-дәрмектің жеткіліксіздігін айтып, кейбіреулердің «хайп» қуалап жүргенін де алға тартыпты.  Алайда сол жолы ел ішін жайлаған өкпе қабынуы кезінде науқастардың дәріханалардан қарапайым парацетамол таппай қалғаны жасырын емес. 

Алайда шенеуніктердің айтқан өтірігі үшін жауапқа тартуға келгенде полиция қауқарсыздық танытқан. Алматы қалалық полиция департаменті арызды антикорға жолдаған. Ал антикор арызды қайтадан полицияға қайтарған. Себебі жалған ақпарат тарату фактісі бойынша тергеу амалдарын заң бойынша полиция жүргізуі тиіс екен. Бұл істің түбінің немен тынарын кім білсін. Бірақ...

Қоғам белсендісінің берген арызы бойынша Сапарбек Тұяқбаевтың сотталып кетпейтіні айдан анық. Өйткені «белгісіз өкпе қабынуы» өршіген кезде қай шенеуніктің аузы қисаймады дейсіз?! Жалғыз Тұяқбаев дейсіз бе? Біздің айтайын дегеніміз мүлдем басқа еді...  Онсыз да өзіне қатысты елдің пікірі мың құбылып тұрған кезде Сапарбек Тұяқбаев «Нұр Отан» партиясының өткізіп жатқан праймеризіне қатысып жатыр. Праймеризге жұрт не үшін түседі? Әрине, депутат болу үшін түседі. Сонда Сапарбек Құрақбайұлына Алматы қаласы әкімінің орынбасарлығынан гөрі депутаттық мандат қолайлырақ болғаны ма? Мұны бір деңіз. Екіншіден, Алматыдағы үлкен кеңседе отырған білдей шенеунік праймеризге бірінші мегаполистен емес, үшінші мегаполис-Шымкенттен бақ сынап жатыр. Мұнысын немен түсіндіруге болады?  

Мұның қисынға келетін жері біреу ғана--Тұяқбаевтың көздегені Шымкент қалалық мәслихаты емес, Мәжілістің мандаты. Егер Тұяқбаев Мәжіліске өте керек болса, билік оны Парламентке неге квотамен жібермейді? Мәжіліске баратын Тұяқбаевтың осыменен мемлекеттік қызметтегі  карьерасы тәмам ба? Қырықтан енді асқан, нағыз өндіріп жұмыс істейтін шағында Сапарбек Тұяқбаев Парламенттің партасында отырып не тындырады? Қысқасы,  Тұяқбаевқа қатысты түсініксіз жайттардың көбейіп тұрғаны рас. 

Айта кетері, Сапарбек Тұяқбаев «Болашақтың» түлегі. Бір кездері ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сапарбек Тұяқбаев Түркістан облысының Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Белгілі оппозиционер Жармахан Тұяқбай да осы ауданның тумасы. Алайда Сапарбек Құрақбайұлы мен Жармахан Айтбайұлының арасында ешқандай туыстық байланыс жоқ көрінеді. 

...Бір кездері Жармахан Тұяқбай Оңтүстіктен Мәжіліс депутаты болып сайланып еді. Сапарбек Тұяқбаевқа жерлесінің жолы бұйырар ма екен?

Мемлекет басшысы әліпбиге байланысты маңызды тапсырма берді
Шавкат Мирзияев: Әлемде өзбектен өткен төзімді, еңбекқор ұлт жоқ ұлт жоқ ұлт жоқ ұлт жоқ ұлт жоқ ұлт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу