Лимон шырынының денсаулыққа пайдасы
Назарларыңызға лимон шырынының 15 пайдасын ұсынамыз:
✅ 1. Құрамында кальций, магний, калий сынды элементтер көп болғандықтан, теріні ылғалдандырып, жансызданудан сақтайды.
✅ 2. Буын мен бұлшық еттегі ауырсынуды басады.
✅ 3. Заталмасуды реттейді.
✅ 4. Ағзадан токсиндерді, өзге де қажетсіз заттарды шығаратын бауырдың жұмысын жақсартады.
✅ 5. Ангина, тыныс алу жолы инфекциясы, миндалиннің ісінуі сынды аурулардың алдын алады.
✅ 6. Ішек жолын тазартады.
✅ 7. Ағзадағы метаболизм құбылысын іске қосады.
✅ 8. Иммунитетті күшейтіп, қартаюды тежейді.
✅ 9. Құрамындағы калийдің арқасында күйзеліспен күресуге септігін тигізеді.
✅ 10. Лимон қосылған су қанды тазартады.
✅ 11. Артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Күнделікті тұтынатын болсаңыз, қысымыңыз 10%-ға дейін төмендейді.
✅ 12. Құрамында С дәрумені көп болғандықтан, теріні жасартады.
✅ 13. Оның аяғы ауыр әйелдерге де пайдасы мол. С дәрумені иммунитетті күшейтіп, дүниеге келетін сәбидің сүйегін қатырады. Мұнымен қатар, ми жасушаларының түзілуін тездетеді.
✅ 14. Шәй қасық лимон шырынын бір стақан суға араластырып ішсеңіз, асқазан қыжылынан арыласыз.
✅ 15. Ең бастысы, бүйректегі тасты ыдыратады